Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда азаматтық алу үшін тапсырылатын тест жеңілдетілді

434 рет қаралды

Қазақстанда азаматтық алуға арналған тестті тапсырудың ең төменгі шегі төмендетілді. Енді емтиханды сәтті тапсыру үшін үшін қазақ тілінен 15 балл, Конституциядан 20 балл және Қазақстан тарихынан 15 балл жинау қажет, деп хабарлайды Информбюро.

Тиісті бұйрықты Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялады.

Бұған дейінгі талап бойынша қазақ тілінен 36 балл, Конституциядан тоғыз балл және тарихтан 15 балл жинау керек болды.

Ведомство мамандары түсіндіргендей, өзгерістер әр пән бойынша сұрақтар санын теңестіруге және тестілеуді азаматтық алуға үміткерлер үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

26 тамыз, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.