Атырау, 26 қараша 06:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қашағандағы цейтнот немесе Енді кейінге шегеру «тегін» болмайды

3 497 просмотра

Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралы. 26 тамыз 2013 ж. Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралы. 26 тамыз 2013 ж. Ақиқат айқындалар сәт туды: үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап Қашаған мұнайын коммерциялық өндіру басталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, осы мерзімнен кейін консорциум шығындары өндірілген мұнаймен өтелмейтін болады. Қазақстанның мұнай саласының басшылары мен NCOC менеджерлері алғашқы мұнай таяу күндері өндіріледі деп хабарлауда. Алайда консорциумның баспасөз қызметі әзірге түсінік бермей отыр. Ал іске қосуға санаулы күндер қалғанда мұнай мен газды кешенді дайындаудың құрлықтағы қондырғысында («Болашақ» зауыты) қызметкерлерді қауіпсіз жерлерге көшіруге әкелген апатты жағдай орын алды.

 

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ МА ӘЛДЕ «ШТАТТЫҚ ЖАҒДАЙ» МА?

Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Руслан ТӨКЕНОВТІҢ айтуынша, бұл оқиға 26 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 18.50-де орын алған. Департаментке бұл ақпарат Мақат аудандық прокуратурасы мен ҰҚКД-нен түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, ернемек жалғамасының жарылуы салдарынан отын газы кетіпті. Орнатылған датчиктер шығарындыға орай әрекет еткен. Аджип ҚКО менеджерлері штаттық экологтарды айтарлықтай ештеңе болған жоқ деп сендірсе де, осы факті бойынша жоспардан тыс тексеру басталған: штаттан тыс жағдайдың себептері мен отын газы шығарындысының нәтижесінде қоршаған ортаға тигізілген зиян мөлшері анықталуда.

Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралындағы алау көрінісі. 26 тамыз 2013 ж. Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралындағы алау көрінісі. 26 тамыз 2013 ж. Біздің ақпаратымыз бойынша, мұнда газ қысымы 13 барға жеткен. Апаттық дабыл жүйесі іске қосылғаннан кейін зауыттың бүкіл қызметкері арнайы қауіпсіз жерге жиналды. Естеріңізге салсақ, қазіргі кезде «Болашақ» зауытында да, теңіз кенішіндегі қондырғыларда да Мақат газ тарату жүйесінен күкіртсутектен тазартылған газ келетін тұрба құбырлары мен жабдықтарды шайып тазалау жұмыстары жүргізілуде. Егер апат болған сәтте зауыт желілерінде күкіртсутекке қаныққан Қашаған мұнайы болса, оның салдары анағұрлым салмақты болған болар еді.  

NCOC баспасөз қызметі осы факті бойынша таяу уақытта түсінік беруге уәде берді. Әзірге ауызша түрде әңгіменің апат туралы емес, іске қосу-реттеу жұмыстарының барысындағы штаттық жағдай туралы екенін мәлімдеп отыр.

Сайтта зауытта сол күні болған біздің комментаторларымыз былай деп әңгімелейді (стилистикасы сақталған): «Қарабатанда бұл күні бәрі абдырап қалды. Қауіпсіздік күзеті не істерлерін білмеді. ТБ тіпті қуып жіберді. Көлік бөлімі қаша жөнелген мердігерлерді автобустарға кіргізбеді. Әлгі бейшаралар қайда қашарларын білмеді. Соңында топалаң болды. Бүкіл «аджиптіктерді» Самал поселкесіне түсіріп тастап, ал Аджип көлігі мердігерлерді қауіпсіз жерге көшіру үшін зауытқа кетті. Әйтеуір, аджиптіктер қалаға сағат түнгі 10-да жетті. Бүкіл қызмет оқу-жаттығу кезіндегідей әрекет еткен жоқ... Егер күкіртсутек шығарындысы орын алса, көп адам зардап шегеді. ТІПТІ ТИТТЕЙ АПАТҚА ДА ЕШКІМ ӘЗІР ЕМЕС!»

 

БОЛЖАМДЫ КҮН

Ал сенбіде, 7 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы Сауат МЫҢБАЕВ алғашқы мұнайды өндіруді дүйсенбіде, 9 қыркүйектен бастайтындығын мәлімдеген еді. Іске қосылған сәттен бастап коммерциялық мұнайды өндіру басталғанға дейін үш апта өтуі мүмкін екенін түсіндірді. Яғни, кеніште коммерциялық өндіру 1 қазанда басталуы мүмкін.

Алайда 9 қыркүйекте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЕН консорциум іске қосу уақытын 9-ынан анағұрлым кейінгі уақытқа ауыстырғанын, бірақ нақты күні әзірге белгісіз екендігі туралы басқа мәлімдеме түсті.

– Жақын арада күтеміз, – деді ол журналистерге үкімет отырысынан кейін.

Консорциумның баспасөз қызметіндегілер нақты күнді атаудан бас тартты. Алайда егер сынап іске қосу барысында айтарлықтай апаттар орын алмаса, енді кейінге шегерілмейтін шығар деп ойлаймыз. Өйткені 2008 жылдың 31 қазанындағы Өнім бөлінісі туралы келісімге жасалған Екінші қосымша келісімге сәйкес, егер мұнайды коммерциялық өндіру 2013 жылдың 1 қазанында басталмаса, консорциум шығындары өтелмейді.

 

КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІ

Естеріңізге салсақ, Қашаған жобасының бюджеті әлденеше рет көбею жағына қайта қаралған еді. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, бұл мемлекет тарапынан бақылаудың нашар болуы салдарынан орын алған. Нәтижесінде Қашаған сметасы 30 млрд доллардан рекордты 130 млрд долларға дейін көбейді. Шығындардың көбеюін НКОК әртүрлі түсіндірді: мәселен, «жасанды аралдар мен суықтық алты ай бойына сақталатын аймақта жұмысшыларға арналған баспаналар құрылысының шығындарын дұрыс бағаламаған, сонымен қатар құрылыс шығындары да өсіп кеткен».

Басқа жолы ол кеніштің теңіз бөлігін жайғастыру сызбасын қайта жобалау және өзгерту жұмыстарын жүргізу қажеттігіне сілтеді. Бұл сызба қызмет көрсетуші қызметкердің улы күкіртсутектің кету ықтималдығынан қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық нормаларға сай келмеген-мыс.

 

«КӨКТЕМГЕ ҚАЛДЫРАДЫ»

D аралының батыс жағындағы мұнай өнімдерінің төгіндісі, D аралының батыс жағындағы мұнай өнімдерінің төгіндісі, "Валентина" айлағына жақын маңда. 17 тамыз 2013 ж. Ал, әлденеше есе көбейген қаржыландыруға қарамастан, сарапшылардың пікірінше, 2013 жылдың 1 қазанында кеніш әлі пайдалануға беруге әзір болмай отыр.

ҚазақстанБҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Олег ЕГОРОВТЫҢайтуынша, кеніштегі кейбір тұрба құбырлары жөндеуді қажет етеді:

Бұрын ол жерде 272 бұзушылық анықталды (біздің дереккөзіміздің мәліметтері бойынша, әңгіме «Болашақтағы» да, теңіз кешеніндегі де жылыстаулар туралы болып отыр – Л.С.). Егер іске қосу қазан айында басталса, мұның бәрі Каспийді құртып жібереді.

Басқа ақпарат бойынша, құрлықтағы да, теңіз кешеніндегі жабдықтардың бір бөлігі 2006 жылдан бастап кейінге шегерілген жылдар ішінде қатты тозып кеткен.

Егоровтың болжамы бойынша, коммерциялық мұнайды өндіре бастау 2013 жылдың желтоқсанында басталмақ. Бірақ ол кезде мұз құрсауланып қалады. Демек, бұл 2014 жылдың көктемі деген сарапшылар, соның ішінде батыс сарапшылары атаған мерзім анағұрлым нақты деген сөз.  

Ал 9 қыркүйекте, Егоров жорамалдағандай, алғашқы бірнеше тонналар ғана келіп жетеді, бірақ оларды ешқайда жібермейді, резервуарларда сақтайды.

 

БӨГДЕЛЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН...

Айтпақшы, біз Төкеновке біздің комментаторларымыздың: басқа мемлекеттік органдардың қатарында зауытты қабылдау туралы актіге экология департаменті қол қойды ма деген сауалын жолдаған едік:

– Бұл мектеп пен балабақша емес қой, әлемдік деңгейдегі тұтас өндірістік кешен. Нысандарды қабылдау біртіндеп соңғы 2 жыл бойына жүргізіліп келеді. Кейбір қондырғылар мен осы лауазымға келгенше қабылданды, бір бөлігі қазіргі уақытта мақұлдануда.

– Руслан, сіздің штаттағы экологтар қазір кеніште де, зауытта да болуға міндетті екенімен келісетін шығарсыз?

– Солай шығар, бірақ ондағылар әсіресе осы кезеңде қауіпсіздік талаптарының қатаңдығына сілтеп отыр. Нысандарға аяқ басу үшін біздің инспекторлар олардың, соның ішінде күкіртсутек бойынша қауіпсіздік техникасы жөніндегі оқу курстарынан өтулері тиіс. Сондықтан біз әзірге ол жерге соңғы штаттан тыс жағдай фактісі бойынша да кіре алмай отырмыз. Қараша айында бізде жоспарлы тексеру белгіленген, ол басталар кезде инспекторлар дайындықтан өтіп, оның қорытындылары желтоқсанда жасалатын болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Апатқа куәгерлер жолдаған фотосуреттер

10 қыркүйек 2013, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.