Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алматы әуежайында өзін-өзі өртеу оқиғасы: жәбірленуші ауыр халде жатыр

286 рет қаралды

2025 жылдың 25 тамызында сағат 22:06-да Алматы қаласының әуежайындағы «Т-1» терминалында ер адам өзін өртемек болды, деп жазады NEGE.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп жедел қауіпсіздік шараларын қабылдады. Олар өртті сөндіріп, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, оның мұндай қадамға баруына азаматтық некедегі жұбайымен арадағы жанжал себеп болған. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", – деп нақтылады полицейлер.

Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауы бойынша, науқас қазір 4-ші Қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімшесінде ем алып жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. 

26 тамыз, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.