Атырау, 25 мамыр 17:53
 дождьВ Атырау +31.9
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

Қарағанды облысында полиция ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіледі

399 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында полиция ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында ірі көлемдегі есірткі айналымына тосқауыл қойды. Жүргізілген кешенді жедел іс-шара барысында 35 жастағы қала тұрғыны 5 грамм гашишті өткізбек болған сәтінде ұсталды. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілді.

25 тамыз 2025, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.