Атырау, 6 желтоқсан 01:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Электровелосипедтер – енді мопед санатына кіреді

344 рет қаралды

Сағатына 40–45 км-ге дейін жүретін әрі қуаты 400 Вт-тан жоғары электровелосипедтер ресми түрде мопедке теңестірілді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы хабарлады. 

Бұл дегеніміз, осындай көліктің иесі тіркеуден өткізіп, техпаспорт, мемлекеттік нөмір алып, сақтандыру қажет. 

«Тіркеуден өту көлікке заңды меншік құқығын дәлелдейді. Егер ұрлап кетсе немесе жоғалса, иесіне қайтару жеңіл болады», – дейді басқарма бастығы Асхат Құлбаев. 

Сондай-ақ, электровелосипед мопедтен «жеңілдеу» көлік болып саналмайды. Ереже де, жауапкершілік те екеуіне бірдей.

25 тамыз, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.