
Ұлытау облысында Жезқазған — Астана бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады деп жазады Kazinform.
Қылмыстық іс «Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Полиция мәліметі бойынша, қаза тапқандар жоқ, алайда бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды.
Еске сала кетейік, 24 тамыз күні Қызылжар — Түйемойнақ аралығында №107 жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болған.
В Атырау 0