Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Көкшетау қаласының прокурорлары газ тарифін төмендетуге қол жеткізді

350 рет қаралды
Фото: freepik.com

Бүгінгі таңда қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау болып табылады.
 
Осы жұмыс аясында Көкшетау қаласының прокуратурасы газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша талдау жүргізді.
 
Осылайша, қадағалау ведомствосы қала кәсіпорындарының бірі газды жоғары бағамен жеткізетінін анықтады.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс орталығының жекелеген бөліктерінде газ тарифі 192,14 теңгеге/м3 (691,28 теңгеден 499,14 теңгеге дейін)төмендетілді, осылайша 1,8 мыңнан астам абоненттің құқығы қорғалды.
 
Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

22 тамыз, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.