Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде грант иегерлері анықталды

356 рет қаралды

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттардың нәтижесінде Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 680 студенті грантқа ие болды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 828 талапкер қатысты. Бұл туралы ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Университетте «Туризм», «Тынығу ісі», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» бағыттары бойынша білім беріледі. Оқу барысында теориялық білім тәжірибемен ұштасып, шетелдік серіктес университеттермен академиялық алмасу бағдарламалары жүзеге асырылады.

Биылғы грант иегерлері туризм саласының бәсекеге қабілетті мамандарына айналып, ел экономикасына – туризм индустриясын дамытуға өз үлесін қосады.

22 тамыз, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.