
2024–2025 оқу жылында педагогтерді аттестаттау алғаш рет «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы толықтай цифрлық форматта жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Платформа мұғалімге қатысты барлық мәліметтерді мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алады: қызмет орны, еңбек өтілі, білім деңгейі мен жетістіктері бір жүйеге жинақталған. Цифрлық формат қағазбастылықты жойып, аттестаттаудың әділ әрі ашық өтуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық шеберлікті бақылаушы мамандар бақылау парақтарын толтырып, оны педагогтің жеке профиліне жүктейді. Әр сабақ қорытындысы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталып, педагогтің еңбегі әділ бағаланады. Ал білім сапасы мен кәсіби жетістіктер туралы деректер әзірге арнайы модуль арқылы қолмен енгізілуде.
Қазіргі уақытта платформада мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 635 мыңнан астам педагог тіркелген, оның ішінде 94 мыңнан астамы «Педагог-модератор» және «Педагог-сарапшы» санаттары бойынша аттестаттаудан өтуде.
Бүгінде 66 мыңға жуық мұғалімнің (71%) аттестация қорытындысы шықты. Алдағы уақытта өзге де біліктілік санаттары цифрлық платформаға кезең-кезеңімен қосылатын болады.
В Атырау 0