
Кәрім Мәсімовтің қызы Тамила Кәрім бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновпен мүлікті бөлу мәселесі бойынша сот шешіміне қайта шағым түсірді. Бұл іс екі жылдан бері қаралуда, деп хабарлайды Nege.kz.

Сот деректеріне сәйкес, талап арыз бірнеше рет өзгертілген. 2025 жылғы 9 маусымда сот Тамила Кәрімнің талабын қанағаттандырудан бас тартқан, ал 30 шілдеде ол апелляциялық шағым жолдаған.

Қазіргі кезде нақты қандай мүлікке қатысты дау жүріп жатқаны белгісіз, өйткені сот шешімінің толық мәтіні жарияланған жоқ. Бұған дейін «Выход к морю» телеграм-арнасы Азамат Қапеновтің Мәскеу, Рублевка және Серебряный бор аудандарында жылжымайтын мүліктері бар екенін хабарлаған еді. Олардың жалпы құны шамамен 10 млрд теңге деп бағаланған.
В Атырау 0