Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Президенттің 2024 жылғы жолдауын жүзеге асыру: республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарды

278 рет қаралды
gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

 2025 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары 13 мың шақырымнан астам жолды қамтыды.
 Оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Орал – Атырау» және басқа да автожолдар қамтылды, «Орталық – Батыс» автожолының, сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау – Майқапшағай» жолы аяқталады.
  Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы (АӨС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.

«Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчерлеу, болжамды техникалық қызмет көрсету, зияткерлік көлік жүйелері енгізілуде», — деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

22 тамыз, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.