Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шекарасыз өрт: Қазақстан мен Ресей құтқарушылары ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығулар өткізді

237 рет қаралды
gov.kz

Қостанай облысының Қарабалық ауданында Қазақстан мен Ресей құтқарушыларының күштерін біріктірген трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Жаттығу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтардағы табиғи өрттердің бірлескен алдын алу және оларды сөндіру туралы келісімі шеңберінде ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу аңызы бойынша Ресей Федерациясының аумағындағы ірі орман өрті Қазақстан Республикасының іргелес учаскесіне таралды. 1061 адам тұратын Боскөл ауылы елді мекеніне қауіп төнді. От жел бағытымен «Михайловск орман шаруашылығы мекемесі» КММ Кидралин орманшылығына жетті.

Оқиға туралы ақпарат дереу диспетчерлік қызметке түсті. Қатты желдің әсерінен өрт тез таралды. Қатты түтін, сондай-ақ өрт тұрғын үй секторына қарай бағыт алғаны жағдайды одан әрі қиындатты.

Қазақстан мен Ресей ТЖМ құтқарушылары ландшафттық өртті жойып, шындыққа барынша жақын жағдайларда өзара іс-қимылды пысықтады.

Шартты өртті сөндіруге 65 құтқарушы мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Қатысушылардың қатарында Ресей ТЖМ Челябі облысы бойынша Бас басқармасының бөлімшелері бар, бұл өртпен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын білдіреді.

 

 

21 тамыз, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.