Атырау, 6 желтоқсан 01:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ұшақ пен пойыз билеттері туралы ақпарат енді құқық қорғау органдарына беріледі ​

326 рет қаралды


Қазақстанда 31 тамыздан бастап барлық ұшақ және пойыз билеттері туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жіберілетін болады. Бұл ережелер алғаш рет 2015 жылы бекітілген болатын, деп хабарлады Tengri Live.

Құжатта жаңа талаптардың мақсаты әуе және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризмнің алдын алу және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес екені көрсетілген.

Жиналатын деректер

Көлік тасымалдаушылары мен билет сататын ұйымдар жолаушылардан келесі ақпаратты міндетті түрде тіркеуі қажет:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

  • Жеке куәліктің түрі мен нөмірі;

  • Шыққан күні мен орны, тағайындалған жер, жүретін бағыты;

  • Байланыс деректері (телефон немесе электрондық пошта) — тек жолаушы келіссе.

Әуе тасымалына арналған қосымша ақпарат:

  • Рейс нөмірі, ұшу және қону уақыты;

  • Жолаушының азаматтығы, туған күні және жынысы;

  • Отырғыш нөмірі мен багаж билеті нөмірі;

  • Билеттер мен төлем тәсілдері туралы деректер;

  • Маршрут, транзиттік нүктелер және броньдағы өзгерістер.

Жаңа ереже жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен көлік қызметтерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

21 тамыз, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.