
21 тамызда Алматыдағы Алмалы аудандық сотында АЭС құрылысына қарсылық білдірген белсенділерге қатысты жарыссөздер басталды, деп хабарлайды Власть.
Алдымен мемлекеттік айыптаушы сөз алып, Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбараковты кінәлі деп тануды және оларға 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салсақ, 2024 жылғы 29 қыркүйекте Алматыда АЭС құрылысына қарсы шыққан 12 белсенді ұсталған. Олардың жетеуі: Нұргүл Жексембиева, Ақмарал Шатемірқызы, Галина Аккузова, Женис Мақсотов, Рақыш Тоқманбет, Азат Төлeухан және Ерболат Әубакиров үйқамаққа алынып, бақылауда болды.
Прокурордың айтуынша, айыпталушылардың ісінде жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайлар жоқ. Тергеу абақтысында өткізілген уақыт әр күн үшін бір жарым күн деп есептелмек.
«Мемлекеттік маңызды іс-шараны тоқтату азаматтардың конституциялық құқықтарына шектеу болып табылады», – деді прокурор.
2024 жылғы 1 қазанда Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбараков екі айға қамауға алынған. Кейін олардың қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Оларға «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға әрекет жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Негізгі сот процесі 2025 жылғы 10 шілдеде басталды.
Полиция мәлімдеуінше, бес белсенді жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруды жоспарлаған, сараптама митингке шақыру, қаржы жинау және билікке қарсы үндеулер бар екенін көрсетті.
Алайда адвокаттардың өтініші бойынша шақырылған тәуелсіз сарапшы Абай Қайыржанов белсенділер мұндай әрекеттерге барған жоқ, қаражат жинамағанын және экстремистік идеялар ұсынбағанын айтты.
В Атырау 0