Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бас прокуратура «Қорғастағы» 7 млрд теңгелік жобаны қайта іске қосты

143 рет қаралды

Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.

Осы жұмыс шеңберінде «Қорғас ХШЫО» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағында «Қолөнершілер қаласы»сауда павильонын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын Қытай инвесторы «International castle» ЖШС-ның проблемалық мәселесі сәтті шешілді.

Компания АЭА қатысушыларының тізілімінде тіркеуден бас тартуға және қатысу шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жобаны іске асыруда кедергілерге тап болды.

Құрылыс материалдарын әкелудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және кейіннен инвесторды тізілімнен шығаруға байланысты Мемлекеттік кіріс органдары 1,4 млрд теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеді.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдер жойылды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде компания 7 млрд теңгеге жобаны іске қосты, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Инвестициялық жоба туристік және сауда әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қытайлық туристердің АЭА-ның қазақстандық жағына қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Айта кету керек, егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда қиындықтар туындаса, онда Сіз Бас прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығына (тел. (7172) 30-17-93, +7-702-629-75-61) құқықтық көмек пен кеңес алу үшін жүгіне аласыз.

21 тамыз, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.