Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Республикалық автожолдарда электромобильдерді қуаттау станциялары көбейіп жатыр

253 рет қаралды
Сурет: "ҚАЖ"

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық автожолдарда электромобильдерді қуаттау станцияларын (ЭҚС) дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 43 заманауи жылдам қуаттау станциясы іске қосылған. Бұл электромобиль жүргізушілеріне сапарларын ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

ЭҚС негізгі өңірлер мен көлік дәліздерінде орналасып, электркөліктердің ұзақ жолда кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді.

Мысалы:

  • KAZ06 «РФ шекарасы – Алматы – Қорғас» – 18 станция
  • Шымкент айналма жолы (KZ17-01) – 2 станция
  • Алматы – Өскемен жолы (А-3) – 3 станция
  • Астана – Петропавл (А-1) – 6 станция
  • Қостанай, Жезқазған бағыттары – бірнеше станциялар

ЭҚС қуаты 80–320 кВт аралығында, заманауи жылдам қуаттау жүйелерімен жабдықталған.

Осылайша, «ҚазАвтоЖол» электромобильдердің инфрақұрылымын кеңейтіп, экологиялық таза көлікті дамытуға және жүргізушілер үшін қолайлы жол жағдайын қалыптастыруға үлес қосуда.

20 тамыз, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.