Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шымкенттегі әкім орынбасарына оқ атушы 9 жылға сотталды

267 рет қаралды

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға мүмкіндік бар.

Еске салайық, 21 сәуірде Руслан Берденов қалалық әкімдік ғимаратының жанында жарақат алып, ауруханаға түскен. Ол ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.

20 тамыз, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.