Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстандық теннисші допинг үшін 2028 жылға дейін жарыстардан шеттетілді

268 рет қаралды
Сурет: ktf.kz

21 жастағы Арсланбек Айтқұлов допинг қолданғаны үшін төрт жылға жарыстардан тыс қалды. Бұл туралы Халықаралық теннистегі адалдық агенттігі (ITIA) хабарлады.

2024 жылы қаңтарда Дохадағы турнирде оның сынамасынан лигандрол (анаболикалық зат) және метилгексанамин (стимулятор) табылған. Екі зат та тыйым салынған препарат. Айтқұлов олардың кездейсоқ ағзасына түскенін дәлелдей алмады. Сол себепті трибунал онытөрт жылға шеттетті.

Нәтижесі:

  • Барлық жарыстардағы нәтижелері мен ұпайлары жойылды.

  • Дисквалификация 2024 жылғы 23 наурыздан 2028 жылғы 22 наурызға дейін созылады.

  • Осы уақыт ішінде ол жарыстарға қатыса алмайды, жаттықтыра алмайды және ресми турнирлерге бара алмайды.

Айтқұлов жас ойыншы және әлі үлкен жетістікке жеткен жоқ. Оның ATP рейтингіндегі ең жақсы көрсеткіші – 1250-орын (2023 жылғы қараша).

20 тамыз, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.