
Ішкі істер министрлігі азаматтарды бөтеннің жүгін тасымалдамай, сақ болуға және есірткі қылмысына қатыспауға шақырды.
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Алматы әуежайында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері ҰҚК және "Жетісу" кеден бекетімен бірлесіп, Пхукет – Алматы рейсімен ұшып келген 42 жастағы шетел азаматын ұстады.
Жүкті тексеру барысында оның сөмкесінен салмағы шамамен үш келі болатын кептірілген марихуана салынған алты пакет табылған. Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам Таиландтан келген сәлемдемені тексерместен, бейтаныс адамдардан ақша үшін алып келген.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының м.а. Данияр Мейірханның айтуынша, мұндай салғырттық қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыруға алып келуі мүмкін.
В Атырау 0