Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Маңғыстауда жарты тонна қызыл балық тәркіленді

280 рет қаралды
Көрнекі сурет

10 тамызда Маңғыстау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы РМҚК «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп, балық өнімдерінің заңсыз айналымын алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Түпқараған ауданының «Ащымұрын» теңіз жағалауында азамат «Н» басқаруындағы «Toyota Land Cruiser 100» маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы 455 кг құрайтын (барлық Каспий маңы елдерінде аулауға мораторий жарияланған) бекіре тұқымдас балық анықталды.

Аталған дерек, ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Тергеп-тексеру Түпқараған ауданының полиция бөліміне тапсырылды, қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.

20 тамыз, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.