Атырау, 15 шілде 18:33
 дождьВ Атырау +29.8
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

353 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында киік ұшалары мен мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамыз күні сағат 00:30 шамасында жүргізілген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мен "Бүркіт" арнайы бөлімшесі, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бейнеу ауданының Тұрыш ауылындағы бір үйдің ауласынан киікке қатысты заңсыз әрекеттердің дерегін анықтады.

Тінту кезінде Қызыл кітапқа енгізілген 9 киіктің ұшасы, 30 мүйізі, сондай-ақ 16 мм калибрлі оқ-дәрілер мен өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді.   Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, материалдар СДТБТ-ға енгізілді. Тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілді.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден кетпеу туралы қолхат алынды.

20 тамыз 2025, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.