Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Лавров: Бірінші тұлғалардың қатысуымен өтетін кездесуге мұқият дайындалу керек

369 рет қаралды

Ресей Украина туралы келіссөздердің қандай болса да форматынан бас тартпайды: екі жақты, үш жақты болса да, деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Ол кез келген форматтың мақсаты «сарапшылар деңгейінен бастап, қадам басып, біртіндеп, саммиттерді дайындау үшін қажетті барлық сатылардан өтуі» керек екенін нақтылады.

«Бірінші тұлғалардың қатысуымен өтетін кез келген кездесуге өте мұқият дайындалу керек», - деп қосты Лавров.

Дональд Трамп Владимир Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен келіссөздер, сондай-ақ Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей және Украина президенттерінің кездесуіне дайындық басталғанын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионының айтуынша, Путин Трампқа Зеленскиймен кездесуге дайын екенін айтқан. Алайда, Кремль әзірге Мәскеу мен Киев өкілдерінің келіссөздердегі деңгейін көтеру идеясы талқыланғанын ғана айтады, Ресей президентінің Украина президентімен кездесуге дайындығын жоққа да шығармайды, растамайды да.

19 тамыз, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.