Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Nazarbayev University-нің студенті 12-қабаттан құлап кетті: қылмыстық іс қозғалды

251 рет қаралды

Астанада қайғылы оқиға болды – Nazarbayev University-нің 22 жастағы студенті қаза тапты. Жоғары оқу орны ақпаратты растап, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Информбюро.

Оқу орны әкімшілігінің мәліметі бойынша оқиға кампус аумағында болған. Оқиға орнына тез арада жедел қызмет мамандары пен құқық қорғау органы қызметкерлері жіберіліп, студенттерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қыз жатақхананың 12-қабатынан құлағаннан кейін қаза болған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

19 тамыз, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.