Атырау, 6 желтоқсан 05:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда ​​Samsung теледидарлары мен кір жуғыш машиналары өндіріле бастады

343 рет қаралды
Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысы, Сарань қаласындағы Silk Road Electronics зауытында Samsung брендіндегі теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды өндіру ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жобаның іске асырылуына Қарағанды облысының әкімі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы қатысты.

Жаңа өндіріс жұмыс орындарын құруға, ілеспе салаларды дамытуға, инвестиция тартуға және өндірістік технологиялар мен құзыреттерді беруіне ықпал етеді.

Зауытта SmartThings экожүйесін қолдайтын кір жуғыш машиналар, сондай-ақ Crystal UHD 4K, FHD және HD теледидарлары шығарылады. Болашақта QLED сериялы теледидарларды өндіру жоспарлануда.

Желінің жылдық қуаттылығы – 150 мың теледидар мен 200 мың кір жуғыш машинаны шығару мүмкіндігі бар.

Қазақстанда әлемдік бренд өнімдерін шығару машина жасау саласының дамуының маңызды кезеңі болып, импортты алмастыру мен жергіліктендіру саясатын нығайтуға септігін тигізеді.

19 тамыз, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.