Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бектенов вокзалдарды қайта жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды: жыл соңына дейін 100 нысан жаңартылады

214 рет қаралды
Фото: Ukimet

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында теміржол вокзалдарын реконструкциялау және жаңғырту мәселесін көтерді.

Олжас Бектенов көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан 125 теміржол вокзалын реконструкциялау мен жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатқанын және барлық жобалар мерзімінде аяқтала ма екенін сұрады.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша жұмыстар басталды. Биыл 100 вокзал бойынша жұмыстар аяқталады. Қалғандары 2026 жылы бітеді»,— деп баяндады Нұрлан Сауранбаев.

Министрлік мәліметінше, мердігерлер теміржол вокзалдарын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына кіріскен, жобаларды жүзеге асыру бекітілген нормативтік-техникалық мерзімдерге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

Жаңғырту вокзал кешендерінің негізгі элементтерін, соның ішінде қасбеттерді, шатырды, үй-жайларды, инженерлік желілерді, жолаушылар залдары мен платформаларды қамтиды. Қазіргі заманғы қауіпсіздік, навигация және жарықтандыру жүйелерін орнату, сондай-ақ мобильділігі төмен жолаушылар үшін жағдай жасау көзделген.

Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

19 тамыз, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.