Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстан мен Өзбекстан сенаттар ынтымақтастығының 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды

244 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.

Қабылданған Жол картасында төмендегілер қарастырылған:

  • заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу; 
  • бірлескен іс-шаралар мен консультациялар өткізу; 
  • Қазақстан мен Өзбекстанның парламенттік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту.

Сенатта құжатқа қол қою парламентаралық диалогты нығайтудағы маңызды қадам болатынын және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

18 тамыз, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.