Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Руслан Берденов сотқа онлайн режимде қатысып​​, жауап берді

300 рет қаралды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырысқа жәбірленуші онлайн режимде қатысып, оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды Kazinform.

Берденовтің айтуынша, шабуыл жасаушы оған тура басынан оқ атуқан.

– Алғашқы оқ тура басыма бағытталды. Бұғып үлгердім. Артымнан төрт рет оқ атылды. Жерге құладым. Қасыма келіп, тағы да мылтығын оқтап жатты. Қансырап жаттым, бірақ орнымнан тұрмасам, өлетінімді білдім. Бір қолым істемей қалды. Сөйтіп орнымнан тұрып, Жиембаймен алыстым. Сол кезде қарудың жерге құлағанын естідім. Жиембай қашуға дайындалып жатқанда, жүргізушім Мейрамбек оған тосқауыл болып, көлікпен жәй келіп қақты. Тұрда да қашты. Одан кейін мен құладым, – деді ол.

Әкім орынбасарының сөзінше, дәл осы сәтте жанында болған екі қыз алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

– Олардың біреуі медбике екен. «Ұйықтамаңыз, көзіңізді жұмбаңыз» деп демеп отырды. Солар маған алғагшқы көмек берді. Сол сәтте оң өкпемнің істемей қалғанын сездім. Ауа жетпей жатты. Тыныс ала алмай, аузыма қанның дәмі келгенде өмірімнің соңғы сәті жеткендей ойладым. Ота кезінде өкпемнің 20 пайызы алынып тасталды. Бауырымды шашып, қайта жинады, – деп атап өтті Берденов.

Сондай-ақ, ол қастандық жасаған адамның Ернар Жиембай екенін кейін ғана танығанын айтты.

– Алғашында кім екенін байқамадым. Біреу жүгіріп келді. Қолындағы қаруды көрдім. Тура басқа атты. Отырып үлгердім. Қараңғыға қарай ұмтылдым. Кейін арт жағымнан төрт рет оқ атты, – деді жәбірленуші.

Сот процесі әлі де жалғасып жатыр.

18 тамыз, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.