Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​"Ақша ізіне түсу": Қазақстанда есірткі бизнесінің миллиардтарды құраған схемасы ашылды

308 рет қаралды

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов арнайы прокурорлар мен құқық қорғау органдарының нашақорлық қылмысына қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі туралы айтып берді. Оның айтуынша, «ақша ізіне түсу» қағидаты бойынша жаңа әдістеме аясында нашақорлық бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтері тәркіленеді.

"Бүгінде арнайы прокурорлар осы әдістемені қолдана отырып, бес өңірде 9 миллиардтан астам теңгені құраған қылмыстық істерді тергеп-тексеріп жатыр. Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі 2,3 миллиард теңгені (1,2 миллиард қолма-қол ақша және 1,1 миллиард банк шоттарында) қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, ірі көлемде есірткі алынды", - деп хабарлады Асылов. 

Ұлытау облысында құны 6 миллион доллар болатын криптовалютаға тыйым салынды. Астанада бірнеше есірткі дүкендері жұмыс жасауының жолын кесіп, құны 3,8 миллион доллар (88 әмиян) тұратын криптовалютаны тыйым салушаралары қолға алынды. Шетелде жасырынған ұйымдастырушылар ұсталды.

"Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының ірі есірткі дүкені бойынша қызметкерлерінің көмегімен оның шетелдік ағындарын, соның ішінде криптовалютаны жылдам қадағалап, 70 миллиард теңгеге 500 мың транзакциясын анықтады, 2 астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны қамауға алды", - деп атап өтті Бас прокурор. 

Оның айтуынша, ҰҚК мен полиция қызметкерлері криптовалютада 12 миллион доллар құрайтын осындай істі тергеп-тексеруде.

Барлық есірткі саудасы интернетте жалған шоттарды, криптовалюталарды және P2P төлемдерін пайдалана отырып жүзеге асырылатынын ескере отырып, есірткі қылмысына қарсы күресте IT-технологиялар қолданылатынын атап өтті Б.Асылов. 

"Есірткіге қатысты барлық қылмыстық істер бойынша «дроппер» транзакцияларын бұғаттау алгоритмі жұмыс істейді. Жыл басынан бері құны 2,3 млрд теңге болатын 85 мыңнан астам картаға тыйым салынды", - деді ол. 

Жалпы алғанда, арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тыйым салынған активтердің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асады.

18 тамыз, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.