
18 тамызда ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың шақыруымен Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева басқарған делегация ресми сапармен Қазақстанға келді.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы Ынтымақтастықты дамытудың 2025–2026 жылдарға арналған жол картасына қол қою жоспарлануда. Құжат парламентаралық диалогты нығайтуға және екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.
Сапар бағдарламасында Сенат спикері Танзила Нарбаеваның Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелерімен кездесулері қарастырылған.
Сонымен қатар, делегация мүшелері Өзбекстан мен Қазақстанның ғылыми және шығармашылық зиялыларының бірінші форумына қатысады, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметімен танысады.
В Атырау 0