Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Күзде пойыз билеті жеңілдікпен сатылады

216 рет қаралды
Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдіктер маусымының басталғанын хабарлайды. Жеңілдік 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Жеңілдіктер белгіленген санаттағы орындар мен вагондарға қолданылады:

  • № 9/10 «Астана – Алматы» Вагон түрі: отыратын (2С) Жеңілдік: отыратын орындарға 40%
  • № 65/66 «Астана – Жезқазған» Вагон түрі: турист (2Д) Жеңілдік: купелік орындарға 25%  
  • № 67/68 «Астана – Өскемен» Вагон түрі: турист (2Д) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» Вагон түрі: купе (2К) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%
  • № 351/352 «Алматы – Өскемен» Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе» Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%
  • № 11/12 «Алматы – Шымкент» Вагон түрі: турист (2Д) Жеңілдік: купелік орындарға 25%

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билет алуға мүмкіндік береді.

18 тамыз, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.