
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды.
Президент мұғалімдерді өз міндетінен тыс жұмыстардан босату мәселесін шешкенін, бірақ кейде жергілікті билік заң талаптарын бұзатынын айтты.
«Балаларға қатысты жазатайым жағдайлар үшін мұғалімді жазалау дұрыс емес. Мектептен тыс орын алған оқиғаға ұстаз жауапты емес», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ұстаз мәртебесін арттыру және олардың құқықтарын қорғау үшін заңға өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Маңғыстауда балалардың сапасыз тамақтан улануынан кейін мектептегі тамақ сапасын Денсаулық сақтау министрлігі толық бақылауына алғанын жеткізді.
«Бұл өте дұрыс шешім болды. Білім саласы – мемлекет үшін стратегиялық сала, сондықтан құзырлы органдар білім саласынан сырт қалмауы керек», – деді Президент.
В Атырау 0