
Атырау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы жарты жылдықта өңірде 5500-ге жуық ит пен мысыққа эхинококкоз және құтыру ауруларына қарсы вакцина егілді.
Басқарма ауыл шаруашылығы жануарлары арасында эхинококкоз дерегі әзірге тіркелмегенін хабарлады, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2025 жылға бекітілген аса қауіпті жануар ауруларының алдын алу жоспарына сәйкес, облыста 3700 итке эхинококкозға қарсы, сондай-ақ 3700 ит пен 3200 мысыққа құтыруға қарсы екпе салу жоспарланған. Алты айдың ішінде 1850 итке эхинококкозға, 1870 ит пен 1760 мысыққа құтыруға қарсы вакцина егілді.
Басқарманың бас маманы Мөлдір Ирбатырованың айтуынша, екпе жұмыстары жануарлармен қатар адамдардың да денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Мамандар тұрғындарды үй жануарларын уақтылы тіркетіп, профилактикалық шараларға белсенді қатысуға шақырады.
В Атырау +3