Атырау, 6 желтоқсан 07:43
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​​Қазақстан-Ресей шекарасында "көлік кептелісі" болуы мүмкін

301 рет қаралды

Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкіндігі туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомство хабарлағандай, Қостанай облысының «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл жар» автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. 

Бұл жағдай Ресейдің «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты. 

"Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген", делінген шекара қызметінің хабарламасында. 

14 тамыз, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.