Атырау, 7 ақпан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Атырауда алимент төлеуден жалтарған тоғыз борышкерге қылмыстық іс көтерілді

945 рет қаралды

Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асты.

Барлық дерек бойынша қала прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (" Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді. Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегендері үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. 

Басқалары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауаптылықта да әкеп соқтыратынын ескертеді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында.

14 тамыз 2025, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.