
КамАЗ-ға орнатылған цистернадағы сұйықтық көлік аударылғаннан кейін жолға төгіліп, жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды.
"АМӨЗ" ЖШС мәліметінше, жол апаты зауыт аумағынан тыс жолдың бойынша – Зейнолла Қабдолов көшесінде болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Зауыт қызметкерлері жүргізушіні көдлік кабинасының ішінен тез арада шығарып алып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, жағдайдың мән-жайы анықталуда. АМӨЗ басшылығы бұл жол-көлік оқиғасының зауыттың өндірістік қызметіне де, мердігер ұйымдарға да қатысы жоқ екенін, ал цистернада су болғанын атап өтті.
В Атырау +4