
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада марафондар кезінде орталық магистральдарды жабудан бас тартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, енді жүгіру жарыстары айналма жолдарда, веложолдар мен тротуарларда өткізіліп, көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін болады, деп хабарлайды Власть.
– Біз марафон үшін жолдарды жабуды құптамаймыз. Әр жексенбі сайын Түркістан, Ақмешіт немесе Қонаев көшелерін жабу – дұрыс емес. Жарыс демалыс күндері өтсе де, көптеген қала тұрғындары қолайсыздыққа шағымданады, – деді Қасымбек Алматы ауданы тұрғындарымен кездесуде.
Әкімнің айтуынша, қалада жылына бірнеше марафон өтеді, бірақ олардың бағыттары кептелісті барынша азайту үшін қайта қаралады. Алайда бұл өзгерістердің нақты қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.
В Атырау +3