
Бұл туралы журналист Ботагөз Омарова хабарлады.
Оның мәліметі бойынша, 13 тамызда жұмыс орнында Қазақстан Республикасы ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдрешовты ұстады. Оған ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыс жасады деген күдік келтірілді.
Тергеу дерегінше, Әбдрешов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл қызметке 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған.
Әбдрешовтың еңбек жолы:
2007–2009 жж. – "Сым-Тас проект" ЖШС (Шымкент) инженері, техникалық директоры;
2009–2014 жж. – ОҚО әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылымдарында қызмет атқарды;
2015–2016 жж. – Сарыағаш ауданы әкімдігі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары (ОҚО);
2016–2017 жж. – "Сарыағаш" емдеу-сауықтыру кешені" ЖШС техникалық өндірістік бөлімінің басшысы және басшысының орынбасары;
2018–2020 жж. – Жамбыл облысы әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының архитектура бюросының директоры;
2020–2022 жж. – Жамбыл облысы әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
2022–2023 жж. – Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
2024–2025 жж. – Шымкент қаласы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
Жомарт Әмірханов
В Атырау +3