Атырау, 6 желтоқсан 07:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау маңында жыландар көбейіп кетті

878 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырау қаласының іргесіндегі Көкарна ауылында соңғы апталарда жыландар жиі байқалатын болған. Олар үйлердің ауласына, тіпті ішіне де кіріп кетеді екен.

Ауыл тұрғындары балалар мен үй жануарларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр, бұл қорқыныш күн өткен сайын күшейіп келеді.

Ауыл адамдары бауырымен жорғалаушыларды көбіне күннің ыстық мезгілінде, күндіз байқайды. Олар көшеге шығар алдында аула мен айналаны тексеріп алуға тырысады, балаларын қараусыз ойнауға жібермейді.

— Бұрын жыландар тек далада кездесетін. Ал биыл олар айтарлықтай көбейіп, үйлерге жақындай түсті, — дейді Көкарна тұрғыны Қайрат Байбосынов.

Ұзаққа созылған аптап ыстық пен бұрын жыландар мекендейтін бос жерлерді белсенді игеру ықтимал себептердің бірі ретінде аталып отыр. Кейбір адамдар ауыл маңында жүріп жатқан құрылыс пен қоқыстың жиналуы да жыландарды жаңа мекен іздеуге мәжбүрлейді, ал олардың жолы көбіне жеке үйлердің ауласынан өтеді деп есептейді. 

Қала әкімдігі тұрғындардан ресми шағымдар әлі түспегенін хабарлады. Медициналық мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері жылан шаққан оқиғалар тіркелмеген.

Дегенмен, ауыл тұрғындары биліктің тез арада әрекет ететініне үміттенеді, себебі қауіпсіздіктері үшін алаңдап отыр.

Айгүл МАНСУРОВА

Әлеуметтік желіден алынған видео

14 тамыз, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.