Атырау, 6 желтоқсан 07:42
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атыраудағы ықшамаудан 15 сағат бойы жарықсыз отыр

351 рет қаралды

Водников-2 ықшамауданында бүгін таңертеңнен бері электр энергиясы жоқ. 

Кей тұрғындардың айтуынша, апатқа трансформатордың өртенуі немесе бірнеше кабельдің істен шығуы себеп болуы мүмкін. Жарықтың өшуі тұрмыстық өмірді толық тоқтатуға мәжбүр еткен.

“Кірді де жуа алмаймыз, шай да қайната алмай отырмыз. Бейбіт заманда 15 сағат бойы жарықсыз отыру – түсініксіз жағдай” – деп жазуда тұрғындар әлеуметтік желіде.

Аудан тұрғындары бұл жағдайды “нағыз бассыздық” деп бағалап отыр. “Үлкен аудан түгел жарықсыз. Халықтың тоңазытқыштары еріп, тағамдар бұзылып жатыр” – дейді олар.

Атырау қаласы әкімдігінен анықтағанымыздай, электр желілерінде ақау орын алған. Ақау анықталған сәттен бастап оны жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

- Электр қуаты қысқа уақыт ішінде қайта қосылады, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 тамыз, 20:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.