
Атырау облысында 1 қыркүйекке дейін бес жаңа білім беру нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Исатай ауданының Томан ауылында 80 орындық, ал Индер ауданының Ақкала ауылында 90 орындық балабақшалар құрылысын аяқтап, жаңа оқу жылында есігін ашады. Бұл нысандар ауыл балаларының мектепке дейінгі тәрбие мен білім алу мүмкіндігін кеңейтеді.
Сонымен қатар облыс орталығында Жұлдыз-2, Жұлдыз-3 және Ақсай-2 ықшамаудандарында әрқайсысы 900 орынға арналған үш жаңа мектеп ашылады. Мектептер заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынады.
– Жаңа мектептер қаладағы орын тапшылығын едәуір азайтады, – дейді облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Дулат Хамзин.
Басқарма мамандарының айтуынша, пайдалануға берілетін бұл нысандар өңірде білім сапасын арттырып, балалардың оқу және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
В Атырау +3