Атырау, 5 желтоқсан 08:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан мұнай өндіру мен өңдеуді арттыруда

334 рет қаралды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жеткен.

Вице-премьер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», - деп хабарлады Серік Жұманғарин.

Ең ірі өсімдер көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) салаларында байқалды. Тау-кен өнеркәсібі 8,5%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өскен.

13 тамыз, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.