Атырау, 6 желтоқсан 07:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ресейден келген карантиндік тауарды Қазақстанға кіргізбеді

378 рет қаралды
Сурет: Атырау облыстық аумақтық инспекциясы

2025 жылдың 11 тамызында облыстық аумақтық инспекцияның Құрманғазы филиалының қызметкерлері кезекшілік бақылау және қадағалау шаралары барысында заңнама талаптарына сәйкес келмейтін карантиндік өнім тасымалдаған жүк көлігін анықтады.

Көлік құралы Ресей Федерациясынан келе жатқан. Тексеруден кейін инспекторлар жүк көлігін кері қайтарып, тауардың Қазақстан аумағына енуіне жол бермеді.

Ведомство мұндай шаралар қауіпті карантиндік нысандардың таралуын болдырмау және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін еске салады.

13 тамыз, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.