Атырау, 5 желтоқсан 08:04
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Израильде Газа қаласын басып алу шешіміне қарсы наразылықтар жалғасуда

358 рет қаралды

Израильде Газа қаласын басып алу туралы шешімге қарсы наразылықтар күннен күнге күшейіп келеді, деп хабарлайды АА.

Тель-Авивте Израиль әскерінің зейнеттегі және резервтегі ұшқыштары Қорғаныс министрлігінің ғимараты алдында акция өткізді. Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяху басқарған үкіметтен Газадағы соғыс әрекеттерін дереу тоқтатуды талап етті. Шамамен 200 қатысушы өздерін «қажетсіз және ақылға сыймайтын соғысқа» қарсы шығушылар деп атады.

Акция барысында бұрынғы Бас штаб басшысы Дан Халуц қазіргі Бас штаб бастығы Эяль Замирге үндеу жасап, «Мессиялық фанатиктер біздің халқымызды қараңғылыққа сүйреуіне жол бермеңіздер» деді. Ұшқыштар үкіметтің татуласу және тұтқындарды айырбастау келісіміне бармауын сынап, кез келген қадам тұтқындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Сол күні Тель-Авивте GHF (Газа гуманитарлық қоры) өкілдерінің тоқтаған қонақ үйі жанында да акция өтті. Протестшілер қорды «аштық және қырып-жою механизмі» ретінде айыптап, гуманитарлық көмектің астарында палестиналықтарға қарсы саяси блокада жүргізіліп отырғанын айтты.

Акция қатысушылары «GHF миллиондаған аштыққа ұшыраған палестиналықтарды өлім аймақтарына апарып, онда мыңдаған адамдардың жарақат алып немесе қаза табуына жол беруде» деп мәлімдеді. Олар қордың қызметін тоқтатуды және Газада азық-түлікке кедергісіз қол жеткізуін талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамызда Израильдің Әскери кабинеті Газа қаласын басып алу жоспарын мақұлдаған еді. Баспасөз хабарламалары бойынша операция кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдымен Газа қаласында, кейін орталықтағы палестиналық босқын лагерьлерінде.

13 тамыз, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.