
Атырауда жергілікті тұрғынның басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы істің мәліметтері ашылды.
Аталған азамат Донецк облысындағы қақтығыс аймағында әскери медик ретінде қызмет еткен екен.
№2 соттың мәліметтері бойынша, 2024 жылғы наурызда ер адам Мәскеуге келіп, РФ уәкілетті органдарымен ерікті түрде келісімшартқа отырған. Қысқа мерзімді дайындықтан өтіп, киім-жабдық алғаннан кейін оны танк полкі құрамына орналастырған. Сол жерде ол медициналық көмек көрсеткен, бұл соғыс қимылдарына қатысу ретінде бағаланады.
Сол жылдың желтоқсан айында бір қақтығыс кезінде ол жарылғыш құрылғыдан жарақат алып, ауруханаға түскен.
Сот оның кішкентай баласы бар екенін және шынайы өкінетінін ескере отырып, ҚР ҚК 172-бабы бойынша ең төменгі жазаны – бес жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +3