Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстан полициясы ТМД елдерінде жүздеген қылмыскерді ұстауға көмектесті

292 рет қаралды

Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті мен Терроризмге қарсы орталықтың қызметкерлері қатысты. Қазақстан делегациясын Ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл Қазақстан полициясы ТМД елдерінде 374 қылмыскерді анықтап, ұстады. Олардың арасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдар бар. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіру мен таратуға қатысқан үш трансұлттық топ жойылды.

Жиында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейту, ақпарат алмасу механизмдерін жетілдіру және халықаралық құқықтық актілерге түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар да талқыланды.

Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, мамандарды қайта даярлау, криминалистикалық қызметтің тиімділігін жақсарту мәселелері қаралды. Кеңес қатысушылары қылмыспен күрес саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шешімдер қабылдады.

13 тамыз, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.