Атырау, 4 қыркүйек 23:40
 дождьВ Атырау +29.4
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Атырау облысында «Аудан жастары» бағдарламасы жалғасуда

1 046 рет қаралды

Атырау облысында жас мамандарға қолжетімді тұрғын үй беру мақсатында өңірлік «Аудан жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Өтінімдерді 2025 жылғы 14 тамыздан 3 қыркүйекке дейін eatyrau.kz порталы арқылы онлайн беруге болады.

Бағдарламаның шарттары:

  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;

  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 10%;

  • Аудан тұрғындары үшін максималды несие сомасы – 15 млн теңге;

  • Несие мерзімі – 19 жылға дейін;

  • Тұрғын үй тек қатысушының тұрақты тұратын ауданында беріледі.

Қатысу критерийлері:

  • Қатысушы Қазақстан азаматы болуы керек;

  • Атырау облысында тұрақты тіркеуі болуы қажет;

  • Өтінім берген кезде 35 жастан аспауы қажет;

  • Қатысушы мен оның отбасы соңғы 5 жылда Қазақстанда тұрғын үйге ие болмауы тиіс;

  • Соңғы 1 жыл ішінде үздіксіз ресми еңбек өтілі болуы керек.

Қатысушылар санаты: 

Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ғылым, әлеуметтік қорғау, коммуналдық қызметтер саласындағы мамандарға, сондай-ақ құқық қорғау органдары, «Қазпошта», мемлекеттік БАҚ қызметкерлері, ТЖМ қызметкерлері және тұрғын үй кезегінде тұрған жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға арналған.

Әкімдіктің хабарлауынша, «Аудан жастары» бағдарламасы әсіресе ауылдық жерлердегі жастарға жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй алуға және жұмыс орнында тұрақтауға мүмкіндік береді.

13 тамыз 2025, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.