Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда кәсіпкер әйелдер саны 32 мыңнан асты

Сурет
281 рет қаралды

Атырау облысында 32 мыңнан астам әйел жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Бұл өңірдегі әрбір екінші кәсіпкердің әйел екенін көрсетеді және олардың экономикалық белсенділігін, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін айқын дәлелдейді.

Биыл облыста 56 мыңға жуық жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, олардың 32 мыңнан астамын әйелдер құрайды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақта кәсіпкерлікті қолдау үшін бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында биыл 36 әйел кәсіпкерге көмек көрсетілген. Әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында мемлекеттік қайтарымсыз грант алған 16 кәсіпкердің 14-і әйелдер. Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы арқылы 71 әйел кәсіпкер қаржылай қолдау алған. «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңге есебінен әйелдерге тиесілі 8 жоба қаржыландырылған.

Сонымен қатар, биыл сервистік қызметтер көрсету бағытында 373 кәсіпкерлік субъектісіне 382 қызмет көрсетілген, оның 161-і — әйел кәсіпкерлер. Бұл әйелдердің бизнестегі белсенділігінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді, — деді Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Сәттіғұл Сабыров.

13 тамыз, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.