Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Жетісу облысында ГЭС-ті су басты, адамға және экологияға қауіп жоқ

249 рет қаралды

12 тамыз күні кешке Сарқан ауданының Екіаша ауылында Кіші Басқан өзеніндегі гидроэлектростанцияны су басты. Әкімдік хабарлағандай, су құбыры жарылған, деп хабарлайды Информбюро.

Станциядағы су тез арада тоқтатылып, нысан электр қуатынан ажыратылды. Су ағыны ГЭС аумағынан шыққан жоқ, өзен бойындағы тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ.

Baskan Power компаниясының техникалық директоры Данияр Досабаевтың айтуынша, апаттан кейін бір сағаттан соң құбыр толығымен сусыздандырылды. Ғимарат судан тазартылып, қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол тұрғындар мен шаруашылықтарға ешқандай залал келмегенін, ал су өзен арнасына қайта қйылғанын, экологиялық қауіп жоқ екенін баса айтты.

Әкімдік тек ресми хабарламаға сенуге шақырды. Барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

13 тамыз, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.