Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

СҚО-да халықаралық интернет-алаяқтыққа қатысы бар топ ұсталды

Бейнежазба
281 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер ҚР Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен 19 бен 24 жас аралығындағы бес облыс тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны халықаралық интернет-алаяқтық желісіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деген күдікке ілінді. Ол төрт адамның әрекетін үйлестіріп отырған. Күдіктілер өз кезегінде қылмыстық жолмен табылған қаржыны аудару және қолма-қол алу үшін банк шоттары мен төлем карталарын пайдаланатын адамдарды ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған сегіз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Бұл фактілер бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құрайды.

— Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әльнұр Ахмедьяров.


13 тамыз, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.