Атырау, 6 желтоқсан 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда полиция ер адамды көпірден секірмек болған сәтте құтқарып қалды

233 рет қаралды

12 тамызда Атырауда полиция қызметкерлері ер адамның өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz

Сағат 15:26 шамасында көпірден секірмек болған азамат туралы хабарлама түсті.

Жедел әрекет еткен №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мирас Өтепов дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды уақытында ұстап қалды. 

Полиция қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Фархат Базарбаев оны қауіпсіз жерге шығаруға көмек көрсетті.

Нәтижесінде 41 жастағы азамат құтқарылып, жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазіргі уақытта оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаға қатысты тиісті шаралар жүргізілуде.

13 тамыз, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.